07
March
2024
Бос лауазымға конкурс жариялау!!
Бос лауазымға конкурс жариялау!!
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарасаз ауылы, Ы.Алтынсарин the outside №35 zhualy.pushkin-mektebi@yandex.kz, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің «№6 Александр Пушкин атындағы орта мектебі Education Department of Ili district уақытша (2024 жылдың 07-18 наурызға дейін) бос тұрған 1 бірлік ұйымдастырушы педагог лауазымына конкурс жариялайды. Жалақысы:150000 тенге
1) Лауазымдық міндеттері:
Білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жас және психологиялық ерекшеліктерін, мүдделері мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдайлар жасайды;
-таланттарды, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
-клубтар,үйірмелер, секциялар, балалар бірлестіктерінің жұмысын, балалар мен ерексектердің әртүрлі бірлескен қызметін, білім алушылармен, тәрбиеленушілермен жеке жұмысты, дебаттарды, мектеп парламентін ұйымдастырады;
-ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және басқа бағыттардың бірін басқарады;
-балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;
-Activityды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс:
-Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Респбуликасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл туралы» заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқытық актілер;
-педагогикалық этиканың нормалары;
-педагогика және психология,физиология, гигиена, тәрбие жұмысының әдістемесін, үйрмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары;
-балалар ұжымдарын, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздерін, еңбек заңнамасы;
-еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау ережелерін, санитариялық ережелер мен нормалар.
Айлық жалақысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Мемлекеттік ұйымдар Педагогтарінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» №191 бұйрығына сәйкес есептеледі.
3) Біліктілікке қойылатын талаптар:
-тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылMay, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
-және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
-және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде пелагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі-кемінде 5жыл.
4) Қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1)осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3)кадрларды есепке алу бойыншал толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген –бар болса);
4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10)орыс тілі мен әдебиеті педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
11)техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12)16 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13)тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін –өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы -720х480.
Сонымен қатар, Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Құжаттар Жуалы ауданы,Қарасаз ауылы, Ы.Алтынсарин the outside №35, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің «№6 Александр Пушкин атындағы орта мектебі» Education Department of Ili districtнің қабылдау бөлмесінде қабылданады.
Contacts телефоны: 8(72635)2-47-28;
Электрондық пошта: zhualy.pushkin-mektebi@yandex.kz,
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 07.03-18-03.2024 жыл
Бос лауазымының мерзімі: 2024 жылдың 18 наурызға дейін. Конкурс жарияланған күннен бастап 2024 жыл 31 тамыз еңбекшарты тоқтатылады.