Әдістемелік жұмыстар - Средняя школа им. Пушкина http://pushkin-zhualy.mektebi.kz/ ru Әдістемелік жұмыстар - Средняя школа им. Пушкина DataLife Engine Оқу жоспары 2020 жылы. http://pushkin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/49-ou-zhospary-2020-zhyly.html http://pushkin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/49-ou-zhospary-2020-zhyly.html admin Tue, 13 Oct 2020 16:18:47 +0600 Мектеп директорының 2017-2018 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісі бойынша атқарылған жұмыстар туралы қамқоршылық кеңес алдындағы 1 жылдық есебі http://pushkin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/7-mektep-direktoryny-2017-2018-ou-zhylynday-ou-trbie-rds-boyynsha-atarylan-zhmystar-turaly-amorshyly-kees-aldynday-1-zhyldy-eseb.html http://pushkin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/7-mektep-direktoryny-2017-2018-ou-zhylynday-ou-trbie-rds-boyynsha-atarylan-zhmystar-turaly-amorshyly-kees-aldynday-1-zhyldy-eseb.html

Құрметті қонақтар, ата- аналар мен әріптестер. Жалпы бүгінгі жиынға облыстық бақылау департаментінен ____________________, қамшоршылық кеңес мүшелері және мектеп мұғалімдері қатысып отыр. 
Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты: ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүние танымы жоғары, жан жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетудің жолдарын шешу бүгінгі күннің ең басты талабы. Ел тағдыры оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құралуына байланысты. Мектеп жұмысын жақсарту үшін алдымен әрбір ұжымның өз қолынан келетін істі ұйымдастыруы қажет деп есептеймін. 
Ол мектепті уақыт талабына сай жаңашыл үрдісте басқару, білім беру мен тәрбиелеу жұмысын ізгілендіру, демократияландыру, жаңа педагогикалық технологиялар негізінде ұйымдастыру. Сонымен қатар ізденімпаз шығармашылық орта жасай отырып, педагогтар жұмысының сапасын арттыру. Олардың кәсіби шеберлігін және ақыл-ой, мәдени шығармашылық дәрежесін көтеру. Қазіргі уақыт талабы - шәкірт білімінің тереңдігі, бұл талап күн өткен сайын мұғалімге міндет үстіне міндет жүктеуде. 2018 жылы 5 қазандағы Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі» табыс пен тұрмыс сапасын арттыруы атты жолдауда атап айтылған. Осы жауапкершілікті №6 А.Пушкин атындағы орта мектебінің ұжымы терең сезінеді. Мұғалімдер ұжымы сабақ беру тәсілдеріне жаңаша тәсәлдер қолдануға, педагогиканың жаңалықтарын еңгізуге көптеген жұмыстар атқарды. 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстарды сараптай келе мұғалімдер білім сапасын көтергені байқалады. Мектепте бүгінгі таңда жаңа мазмұнда білім берудің техналогиясын жетік меңгерген мұғалімдер көптеп саналады. Алибекова Баян, Бектұрғанов Нұрлан, Бектаев Қуандық, Емсаханова Айнұр, Жорабекова Роза, Аярбек Мерей, Кебекбаева Алия, Қорғанбаева Гүлжан, Лаврова Валентина, Шарко Оксана, Подстречная Надежда, Омарова Рая, Умирзахова Рабиға, Толетаев Серік, Рахметова Алия, Сейтбек Айжан, Тұрмағанбетова Эльвира, Баетова Эльмира, Таспауова Майра, Сапарбаева Гүлшат, Махаева Несібелі, Ахметова Жанар ж.т.б. ұстаздарымыз технологияның соңғы жетістіктерін меңгерген. Іс жүзінде пайдалана алады. 
Мектепте 9 пән бірлестігі жұмыс атқарады. Әр пән бірлестігінің оқу жылына арналған жұмыс жоспары бар. Онда озат тәжірибелерді насихаттау және оқытудың жаңа технологиясына байланысты ашық сабақтар ұйымдастырып, өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, сонымен қатар әр түрлі типте сабақтар өткізіп отырады. Әріптестерге әдістемелік көмек көрсету жақсы жолға қойылған. Әдістеме бірлестігінде сабақ өткізудің жаңа технологиясын толық меңгеру – оқушы білімінің көрсеткіші.
2017-2018 оқу жылында 72 мұғалім жұмыс атқарды. Оның ішінде: 
жоғары білімді - 64 
арнаулы орта - 8 
жоғары санатта - 16 
бірінші санатта - 22 
екінші санатта - 20 
санаты жоқ -14 мұғалім 
Мектепте 568 оқушы - 34 сыныпқа топтасқан және МАД тобы бар. Мектеп аралас мектеп. 
Өткен оқу жылында мектепте -567 оқушы кезекті педагогикалық кеңестің шешімімен келесі сыныптарға көшірілді. 120 оқушы үздік. Ал 207 оқушы екпінділер қатарында оқуды аяқтады. Білім сапасы-68,2 пайызды құрады. 55 оқушы негізгі орта мектепті бітірді. Оның 5 үздік аттестат алды. 
11 сыныпта 23 оқушының барлығы қорытынды аттестациялауға қатысып 1 оқушы үздік аттестат алды. 22 оқушы ҰБТ қатыстырылды. 22 оқушының 18 оқушысы -100 балдан жоғары ұпай , қалған 4-еуі: 95, 94, 84, 64 ұпай жинады. Шекті денгейден төмен алған оқушылар болған жоқ. Осы 22 оқушының 18–і мемлекеттік грант иеленсе, 4 оқушы жоғарғы оқу орнынының ақылы бөліміне түсті. ҰБТ-дан орташа балл -113,3 көрсетіп, аудан бойынша ІІІ орын иелендік. Тамыз кеңесінде білім бөлімінің басшысының қолынан теледидар сыйға алдық. 
Аудан бойынша оқу тәрбие үрдісінің жетістігін саралаудан, яғни рейтингінің қортындысы бойыншада ауданда ІІІ орын иелендік. Өткен оқу жылының басында аудандық білім бөлімінің басшысымен мектеп басшыларының арасында оқу, тәрбие саласына қатысты бірнеше парометірден тұратын келісім шарт жасасқан едік. Онда көрсетілген индикатордың барлығы орындалды. Әрине бұның барлығы мына отырған сіздердің, мектеп ұстаздарының ерен еңбегінің жемісі. 
Жалпыға бірдей міндетті білім беру және «Білім заңының» орындалуын жүзеге асыру мақсатында 2017-2018 оқу жылында екі рет өткізілетін айлық барысы талданып, талқыланды. Жалпы бір сөзбен айтқанда мектеп жасындағы барлық оқушылар мектепке тартылды. Мектепте әр бір сынып оқушысының сабаққа қатысуы туралы арнайы журнал жүргізіліп, апта сайын қортындысы шығарылып тұрды. 
Мектеп оқушыларының арасында ата-анасы жоқ жетім, жартылай жетім, көп балалы аз қамтылған, толық емес отбасылардан шыққан оқушылар анықталды. Тұл жетім бала – Крупеня Вадим. Аз қамтылған отбасындағы оқушы саны -58, жартылай жетім- 16, әкесі де шешесі де жоқ-1 оқушы. «Мектепке жол» акциясы аясында 8 оқушыға киім әперілді. 
Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагеріне 89 оқушы, сыртқы лагерде – 18 оқушы қамтылды. Барлығы 107 оқушы.
Мектепте 19 үйірме жұмыс жасайды . Оған 355 оқушы тартылған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінң 2015 жылғы 8 сәуірдегі №174 бұйрығының 4 қосымшасы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқыту» туралы бұйрығы және Жамбыл облыстық ведомствоаралық ПМПК қортындысы негізінде 3 оқушы үйде оқытылды. Мектеп тарапынан ол оқушыларға дер кезінде назар аударылды. Келешек заман легіне ілестіру, оларға лайықты білім беруде бекітілген ұстаздар жоспар бойынша сабақ өткізді. 
Мектепке көрші Жұрымбай, Қарасу, Көктас ауылдарынан -123 оқушы «FAWGA 6602» маркалы 2 автобуспен тасымалданып оқытылды. 
5,5 км қашықтықта орналасқан Жұрымбай ауылынан І ауысымда -31 оқушы, ІІ- ауысымда -36 оқушы;
9,4 км қашықтықта орналасқан Қарасу ауылынан І ауысымда 14, ІІ – ауысымда -12 оқушы;
11,6 км шашықтықта орналасқан Көктас ауылынан І ауысым -13, ІІ-ауысым -17 оқушы тасымалданып оқытылды. 
Біздің мектеп аудандағы мектептермен салыстырғанда ең көп бала тасымалдайтын мектеп. Сондықтан осы мәселеге байланысты, яғни оқушылардың өмір және техникалық қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектепке жеке полиция қызметкерін бекітіп берсе деген өтінішімді айтқым келіп отыр.
Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету шаралары ұйымдастырылып көп балалы жетім және жартылай жетім, әлеуметік жағдайы төмен отбасылардан шықан 75 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. Бір балаға тамақтану қызметі 450 теңгеден бекітілген. Бұл жұмыс та өз денгейінде орындалды. 
Қазіргі кезеңде әр бір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Педагогтардың кәсіби біліктіліктерін көтеру мақсатында: 
1. Деңгейлік курстардан - 13 мұғалім: оның ішінде
бірінші деңгейден – 3, екінші деңгейден – 3, үшінші деңгейден – 7 мұғалім өтіп сертификатталды.
2. Жаңартылған бағдарлама бойынша директорлар курсынан 2014 жылы өзім өтіп келдім.
3.Директордың оқу ісі, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өтіп сертификатталды.
4. Мектеп тренері, мектеп үйлестірушілеріне арналған курстардан 3 мұғалім өтті. Олар физика пән мұғалімі Р.Умирзахова, химия пән мұғалімі С.Толетаев, орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Б.Алибекова.
Мектеп ұстаздарының көптеген мақтанышпен айтуға болатын жетістіктері бар. Бастауыш сынып мұғалімі Г.Қорғанбаева аз уақыт ішінде «Минтальді арифметика» бағдарламасын жетік меңгеріп, оқушылары аудандық, облыстық байқауларға қатысып, республикалық байқауға жолдама алды. Республикалық байқауда оқушылары Бас жүлдені жеңіп алды. Г.Қорғанбаеваның Халықаралық «Нұрлы жастар» байқауында оқушысы Құнанбай Інжу жүлделі ІІ орынды иеленді.
Сол сияқты бастауыш сынып мұғалімі А.Есмаханова өз білімі мен біліктілі арқасында талай белестерді бағындырып ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Республикалық «Үздік 100 ұстаз» байқауынан «Таңдаулы ұстаз - 2018» медальмен марапатталды. Айнұрдың да екі оқушысы Халықаралық «Нұрлы жастар» байқауында жүлделі І орыннан көрінді.
1.«Үздік ғылыми жоба -2018» байқауында оқушылары жүлделі орын алған үшін Құрмет Грамотасымен физика пәні мұғалімі Умирзахова Рабиға, орыс тілі пән мұғалімі Баетова Эльмира марапатталды. 
2. Қашықтықтан Республикалық КИО олимпиядасынан: І орын Дулатбаева Гүлнар, Анарбаев Талап. 
3. «Просвещение» ақпараттық порталы ұйымдастырған байқауға қатысып, 1-орын алған Алибекова Баян. 
4. Республикалық байқаулар мен қашықтық олимпияда жүлделі орын алған мұғалімдер: 

1. Омарова Рая 
2. Анарбаев Талап,
3. Қозыбеков Еркебулан 
4.Рахметова Алия. 
5.Найзабекова Салима 
6. Ахметова Жанар 
7. Каракулова Замира 
8. Подстречная Надежда. 
9. Шарко Оксана 
10. Оразымбет Айнур 
11. Нартаева Жанат 
12.Төлетаев Серік 
13. Тұрмағанбетова Элвира 

Оқушылардың халықаралық республикалық пәндік олимпиядалар мен ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары: 
1. Халқаралық «Кенгру - математик» байқауынан: 3 оқушы І , ІІ орындар иеленіп, Дипломдармен марапаталды. 
2. Халқаралық «Алые паруса» байқауы (орыс тілінен 10 оқушы ) І орын 5 оқушы, ІІ- орын -5 оқушы алды. «Алые паруса» познание мира -5 оқушы –І орын алды. 
3. Халықаралық Монопәндік турнир -8 оқушы І-ІІ орын алды. 
4. Халықаралық «Русский медвежонок- языкознание для всех» - 4 оқушы. 
5. Республикалық деңгейдегі «КИО» қашықтық олимпиядадан -3 оқушы математика пәнінен жүлделі орындар алды. 
6. «Ақбота» Республикалық интелектуалдық марафон жеңімпаздары саны -27 оқушы.
7. ТарМУ –дың «Үздік ғылыми жоба -2018» байқауына 11 сынып оқушысы Сағат Нұрғанат қатысып 100% оқу грантын жеңіп алды. Мұғалімі Р.Умирзахова. Осы жобаға қатысқан 7 сынып оқушысы Оспанова Ақжан ІІ орын алды. Мұғалімі Баетова Эльмира. 
8. «16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне» орай өткен Республикалық шығармашылық байқауына «Өлең» наминациясы бойынша І орын 10 сынып оқушысы Жоламан Саят жеңіп алды. 
Мектепте талапты, еңбекқор өнерлі жастарды тауып, оларды тәрбиелеу жұмыстарын жетілдіру, ең озықтарын одан әрі дамыту мақсатын көздей отырып, қараша айында негізгі пәндерден мектепішілік пән олимпиадаларын өткіздік. І орынды алған 7 оқушы аудандық олимпиадаға қатыстырылды. Нәтижесі: 11 сынып оқушысы – Сатыбалды Салтанат ағылшын пәні бойынша І орын алды.
Аярбек Мадина – 10 сынып оқушысы «Құқық негіздері» ІІ орын
Мырзайым Инабат – 8 сынып оқуышысы тарих пәні бойынша ІІІ орын алды.
Сатыбалды Салтанат облыстық олимпиадаға қатысып ағылшын пәнінен жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Аудандық білім бөлімінің «Үздік ұстаз - 2018» байқауында 5 ұстаз жеңімпаз атанып, Дипломдармен марапатталды. Олар: Подстречная Надежда, Лаврова Валентина, Телегенова Альмира, Шарко Оксана, Тишина Валентина. Бұдан бөлек көптеген ұстаздарымыздың материалдары облыстық, республикалық басылым беттерінде жарияланып елге үлгі болып жүр. Түрлі байқаулар мен жарыстардан оқушыларымыз қалыс қалған емес. Спорттық ойындардан үздік шыққан мектеп оқушылары аудандық, облыстық, республика көлеміндегі жарыстардан жүлдемен оралып жүрді. А.Тоқболатов, Е.Бажатаев, А.Турсынбаев, Қ.Ағыбаев сынды мұғалімдеріміздің дайындаған командалары мен оқушылары биіктерден көрініп келеді. 
Мектепте тәрбие жұмыстары өте жақсы жолға қойылған. Жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар атқарылды. Мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу, зорлық зомбылықты болдырмау, діни экстремизм, терроризмнің алдын алу бойынша жұмыстар өз деңгейінде арқарылды. Оқушылардың бос уақытында салауатты өмір салтын ұстанып спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Аудандық Ішкі Істер Бөлімінде есепте тұрған оқушылар жоқ.
Мектепте бірнеше жылдан бері «Қамқоршылық кеңесі» мүшелері құрылып, жұмыс атқарып келеді. Кеңес мүшелері мектеп өміріне етене араласып, барлық түйіткілді мәселелердің шешімін табуда өз үлестерін қосып келеді. Бірыңғай мектеп формасын таңдауда, ата-аналармен келісім жасау, мектепішілік іс-шараларға қатысу, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысып тұрды. Қамқоршылық кеңес мүшелері мен мектеп ұжымының арасында әлі де атқарылу тиіс жұмыстар жетерлік. 
Мектептің материалдық- техникалық базасын нығайту мен мектеп ауласын аббаттандыру бағытында да біршама игі істер атқарылды.
1. 2012 жылы биология кабинеті – 3.8 миллион тг
2. 2013 жылы химия кабинеті -4 миллион тг
3. 2014 жылы компьютер кабинеті –
4. 2014 жылы лингофондық мультимедиалық кабинет – 4 миллион тг
Моноблок – 30 дана
Ноутбук – 12 дана
Компьютер – 55 дана
Мектепте 1 компьютерге - 8 оқушыдан
5. 2014 жылы негізгі мектептің терезе рамалары – 510м2 ауыстырылды, 280м2 – ауыстырылмады. Жобалық сметасы – 11 миллион тг.
6. 2015 жылы мектеп бойынша едендер ауыстырылды. Құны – 17 миллион тг.
Тақтай – 366м2 – леннолиум – 1712м2, кафель – 730м2 
7. 2015 жылы мектеп қазандығына «Чейль - Бойлер» пеші қойылды.
8. 2016 жылы мектептің ішіндегі жылу беру жүйесі батареялары толыңғымен ауыстырылды. Батарея саны- 235 дана – құны 16 миллион тг.
 
9. 2017 жылы мектептің шатыры ауыстырылды. Ауданы 950м2. Құны – 3,5 миллион тг.
Міне өздеріңізге белгілі болғандай былтырғы оқу жылын осындай жетістіктермен аяқтадық. Алдағы уақытта да сіздермен бірлесе отырып талай пайдалы істерді еңсеруіміз керек. Қамқоршылық кеңес мүшелеріне мектеп өміріне бейжай қарамай барлық бастамалардың басында жүргендері үшін алғысымды айтамын. Бүгінгі жиналысқа уақыт бөліп келгендеріңге, назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Келесі жүздесулерде бұдан зор жетістіктерге жете берейік.
]]>

admin Wed, 31 Oct 2018 22:57:44 +0600