07
март
2024
Бос лауазымға конкурс жариялау!!
Бос лауазымға конкурс жариялау!!
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарасаз ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі №35 zhualy.pushkin-mektebi@yandex.kz, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің «№6 Александр Пушкин атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі уақытша (2024 жылдың 07-18 наурызына дейін) бос тұрған 16 сағат апталық жүктемесімен 1 бірлік орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі лауазымына конкурс жариялайды. Жалақысы:150000 тенеге
4) Лауазымдық міндеттері:
- Оқушыларды жас ерекшеліктері мен берілетін пән ескере отырып оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асырады,сыныптарда оқу жүктемелерін бөлуге сәйкес өзіне бекітілген сабақтар мен өзге де оқу-тәрбиелік жұмыстарын жүргізеді.
- Оқу жоспарына сәйкес №6 Александр Пушкин атындағы орта мектебі қолданылатын білім беру бағдарламаларын,жеке оқыту жоспарын және сабақ кестесін жүзеге асырады, бұл орайда оқытудың әртүрлі тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады.
- Оқушыларды даярлауда мемлекеттік білім беру стандартына сай деңгейде қол жеткізілуін қамтамасыз етеді.
- Білім беру процесі кезінде еңбекті қорғау,қауіпсіздік техникасы және өрт, қауіпсіздігі
-ережелері мен нормаларын сақтайды,оқушылар өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз етеді.
-Оқу сабақтарында оқушыларға еңбек қауіпсіздігі жөнінен нұсқама,жөн-жобалар береді, оны міндетті түрде сынып журналына немесе нұсқамаларды тіркеу журналына белгілеп отырады.
Білуге тиіс:
-Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Респбуликасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл туралы» заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқытық актілер;
-педагогикалық этиканың нормалары;
-педагогика және психология,физиология, гигиена, тәрбие жұмысының әдістемесін, үйрмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары;
-балалар ұжымдарын, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздерін, еңбек заңнамасы;
-еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау ережелерін, санитариялық ережелер мен нормалар.
Айлық жалақысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Мемлекеттік ұйымдар Педагогтарінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» №191 бұйрығына сәйкес есептеледі.
3) Біліктілікке қойылатын талаптар:
-тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
-және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
-және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде пелагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі-кемінде 5жыл.
4) Қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1)осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3)кадрларды есепке алу бойыншал толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген –бар болса);
4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10)орыс тілі мен әдебиеті педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
11)техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12)16 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13)тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін –өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы -720х480.
Сонымен қатар, Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Құжаттар Жуалы ауданы,Қарасаз ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі №35, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің «№6 Александр Пушкин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлмесінде қабылданады.
Байланыс телефоны: 8(72635)2-47-28;
Электрондық пошта: zhualy.pushkin-mektebi@yandex.kz,
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 07.03 -18.03.2024 жыл.
Бос лауазымының мерзімі: 2024 жылдың 18 наурызға дейін. Конкурс жарияланған күннен бастап 2024 жыл 31 тамыз еңбекшарты тоқтатылады.